KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

21 маусым – Медицина қызметкерлерінің күні.

новость_7.jpg

Атаулы мереке алдында аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың қатысуымен салтанатты жиын өтті. Балалар мен жасөспірімдердің облыстық орталығының залында медицина қызметкерлері облыс әкімінің атынан құттықтауларға ие болды.

Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін бірқатар мамандар СҚО әкімінің қолынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хат алды. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік даму және денсаулық сақтау министрінің атынан облыс әкімі Ерік Сұлтанов солтүстікқазақстандық төрт медицина қызметкеріне «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісін табыс етті. Олардың қатарында «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК бас дәрігері Кашенцева Светлана Тимофеевна да бар. Тағы бес адам «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағына ие болды.

Бұл мереке күні денсаулық сақтау ісіне үлкен үлес қосқан ардагерлерге үлкен ықылас көрсетіліп, сыйлықтар берілді. Салтанат соңы мерекелік концертпен аяқталды.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: