Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомство алқасының отырысында Премьер-Министрдің орынбасары-Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) ұйымдастыру реформаларының бірқатар негізгі нәтижелерін ұсынды және халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша жаңа шараларды белгіледі.
Министрдің айтуынша, қоғамда емханалардағы кезекке, жалпы практика дәрігерлерінің шамадан тыс жүктемелеріне және пациент маршруттарының күрделілігіне байланысты мәселелер сақталуда.
«Біз пациент медициналық қолдауды тезірек және аурудың ерте сатысында, емдеу тиімді болған кезде алатындай етіп алғашқы көмекті қалпына келтіріп жатырмыз», — деп атап өтті А.Әлназарова.
2025 жылдан бастап скринингтік бағдарламалар кеңейтілді: нысаналы тобтың жасы 76 жасқа дейін ұлғайтылды, 50-76 жастағы ер адамдар үшін инсульт қаупін тұрақты тексеру енгізілді, созылмалы ауруларды ерте анықтау үшін жоғары сезімтал зертханалық сынақтар енгізілді.
Онкоскринингтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ауыстырылды, бұл 300 мың сақтандырылмаған азаматтар үшін тексерулерге қолжетімділікті қамтамасыз етті.
Созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық бақылаумен қамту 12%-дан 34%-ға дейін өсті. Жалпы практика дәрігерлерінің қабылдау уақытының ұзақтығы күніне 4 сағаттан 6 сағатқа дейін ұзартылды.
Кезектілікті төмендету үшін 2025 жылдан бастап емханаларда жағдайы ауыр пациенттерді қабылдайтын жедел жәрдем кабинеттері ашылды.
2025 жылдың сәуір айынан бастап профилактикалық нәтижелерге бағдарланған бастапқы буын мамандарының еңбегіне ақы төлеудің жаңа моделі енгізілді. Ынталандыру төлемдеріне 20 млрд теңге бағытталды, бір учаскені қаржыландырудың орташа көлемі тоқсанына 344 мың теңгеден 700 мың теңгеге дейін өсті.
