Петропавл қаласының соты қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерін құрметтемеу фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
2025 жылғы 10 қазанда 1-ші қалалық емхананың фельдшері үйлерге барып, аралау кезінде пациент оны балағаттап,з аңды міндеттерін орындауына кедергі келтіріп, ашулы әрекетімен, оны баспалдақтар алаңынан шығармақ болған. Сот әйелді ҚР ӘҚБК-нің 80-1-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 82 572 теңге көлемінде (уақтылы төленген кезде 30% қысқартуды ескере отырып) әкімшілік айыппұл тағайындады.
Сот қаулысы күшіне енді.
Медицина қызметкерлері күн сайын азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған жауапты және маңызды жұмыстарды орындайды.
Барлық пациенттер мен қала тұрғындарынан медицина қызметкерлерімен қарым-қатынаста құрметтеушілік пен ізгілікті сақтауды сұраймыз.
