2025 жылғы 5 қарашада Порфирьев көшесі, 55 мекенжайында орналасқан «Жас Өркен» филиалында Ашық есік күні өтті.
Іс-шараны халықпен кері байланысты нығайту үшін және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында емхана басшылығы ұйымдастырды.
Кездесу барысында тұрғындар өздерінің сұрақтарын қойып, медициналық қызмет мәселелері бойынша түсініктемелер алып, мекеменің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу мүмкіндігіне ие болды.
Қабылдауға тек 2 адам келгеніне қарамастан, әңгіме жылы және сындарлы ахуалда өтті.
Емхана басшылығы іс-шараға қатысқандардың барлығына алғыс білдіреді және сұрақтарыңыз болса
* біздің емхананың Instagram парақшасында жеке хабарлама,* немесе +7 708 432 1208 нөмірі бойынша WhatsApp-қа жолдауға болатындығын еске салады.
Біз әрқашан диалогқа ашықпыз және әрбір пациентті тыңдауға дайынбыз!
