Солтүстік Қазақстан облысының медицина қызметкерлері Республика күніне арналған салтанатты жиынға қатысты.
Құттықтау сөзін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәкен Әмірин бастап, медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі мен өз ісіне адалдығын атап өтті.
Мереке қарсаңында №1 қалалық емхананың қызметкерлері адал еңбегі мен денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Еңбек ардагері» медалімен, Құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды:
— Иванова Нэлли Анатольевна – акушер-гинеколог— Ахметжанова Дина Нариманқызы – зертханашы
— Жүкенова Раушан Кенжеболатқызы – учаскелік мейіргер.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
