2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап №1 қалалық емханада Бейімделу және тәлімгерлік орталығы өз жұмысын бастады!
Енді №1 қалалық емханаға жұмыс істеуге келген әрбір жас маман тәжірибелі тәлімгердің қолдауына ие болады.
Тәлімгерлер жас маманға ұжымда тез бейімделуге, кәсіби дамуға және өзіне сенімді болуға көмектеседі.
Жыл бойы келесі іс-шаралар өткізіледі: тәлімгерлермен кездесулер; клиникалық және коммуникативтік дағдылар бойынша оқыту семинарлары мен тренингтер; күйзелістің алдын алуға бағытталған командалық және психологиялық іс-шаралар.
Орталықтың мақсаты — жас медицина қызметкерлерінің кәсіби өсуі мен бейімделуі үшін қолайлы жағдай жасау, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру және емхана ұжымының командалық рухын нығайту.
