«Дені сау балалық шақ - бақытты болашақ!» ұранымен «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасын іске асыру аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 2025 жылғы 22 мамырда «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да (22 мамырдан 1 маусымға дейін) «Әрқашан күн сөнбесін» ұранымен суреттер байқауы өткізілді. Іс шараның мақсаты – балалар мен олардың ата-аналары үшін қолайлы шығармашылық және танымдық ортаны құру. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
