«№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да «Қазақстан Республикасында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі 2025 жылға арналған шаралар туралы» Жол картасын іске асыру аясында микробқа қарсы препараттарды дұрыс қолдану туралы халықтың хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті. Емханада медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Санбюллетендер, денсаулық бұрыштары, сұрақ-жауап тақталары ресімделіп, орналастырылды, әңгімелер, сұрақ-жауап сағаттары, денсаулық мектептерінде сабақтар өткізілді. Емхана холында осы тақырып бойынша бейнероликтер көрсетіледі.
