2025 жылғы 12-16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен бейінді мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен Қазақстанда «Дені сау ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі!» ұранымен репродуктивті денсаулық апталығы өтіп жатыр.
Күннің мақсаты: ер адамдардың репродуктивті және жалпы денсаулығы туралы білім деңгейін арттыру, медициналық көмекке жүгінуге байланысты стереотиптер мен стигмаларды жою және отбасылық және репродуктивті саладағы ерлер жауапкершілігінің маңыздылығын атап өту.
Апталық аясында 2025 жылғы 14 мамырда «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да ер адамдардың денсаулығына арналған іс-шаралар өтті. Барлық ниет білдірушілер урологтан кеңес алды, скринингтен өтті, ер адамдарды қарап-тексеру кабинетіне және отбасын жоспарлау кабинетіне барды.
