
2025 жылғы 15 мамырда біздің қымбатты әріптесіміз, №7 терапиялық учаскенің фельдшері Сальникова Маргарита Александровна өмірден озғанын қатты өкінішпен хабарлаймыз. Маргарита Александровна өз өмірін адамдарға қамқорлық жасауға арнады, пациенттеріне әрдайым мейірімділік танытатын. Оның кәсібилігі, адами қасиеті, адалдығы үшін әріптестері қатты құрметтейтін.
Біз үшін Маргарита Александровна әріптес қана емес , ол - ұжымның ұйытқысы, әрқашан сенуге болатын жанашыр, мейірімді адам еді. Жаны жәннатта болсын. Туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл білдіреміз.