2025 жылдан бастап Қазақстанда жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау және 15 пен 49 жас аралығындағы әйелдердің денсаулығын нығайту мақсатында «Аналар саулығы» бағдарламасы жүзеге асып келеді. Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету үшін сауықтыру шаралары жүктілік басталғанға дейін прегравидалды дайындық түрінде жүргізіледі.
Прегравидалды дайындық – бұл әйелді жүктілікке дайындау процесі. Ол болашақ ана мен баланың денсаулығын бақылауға, назарда ұстауға бағытталған бірқатар іс-шараларды қамтиды.
Көрсетілетін қызметтердің тізбесі Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес айқындалған. Учаскелік дәрігерлер ана мен бала үшін жүктілік пен босану нәтижелерін жақсарту мақсатында жоспарланған жүктіліктен 6 ай бұрын әрбір тұрғынды тексереді. Қыздар мен жасөспірімдерге ерекше назар аударылады.
МӘМС жүйесінде консультациялық-диагностикалық көмекте репродуктивті жастағы әйелдерге 4 базалық тексеру көзделген: акушер-гинекологтың кеңесі; генетика (көрсетілімдер бойынша), В және С гепатиті.
Әйелдер денсаулығын сақтау және нығайту — біздің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуымыздың негізі. Әрбір тұрғынның жас кезінен бастап уақтылы және сапалы медициналық көмек алуы маңызды.
Айта кету керек, прегравидальды дайындық жүкті әйелдің өмірі мен ұрыққа төнетін қауіп-қатерді алдын алу болып табылады. Сәтті босану үшін жүкті әйелдің денсаулығын қалыпта ұстауға және дені сау баланың туылуна негізгі себептердің қатарына жұбайлардың жаман әдеттерден бас тартуымен және өмір салтын өзгертумен, дене салмағын қалыпқа келтірумен, сондай – ақ дәрігердің қатысуымен жыныстық гормондардың деңгейін түзетумен, витаминдер мен макро және микроэлементтердің жетіспеушілігін жоюмен, бар ауруларды емдеумен жоғарылайды.
2025 жылы прегравидаральды дайындыққа репродуктивтің жастағы әйелдердің 116 877-нің 23 375-ін қамту үшін 134 млн. теңге қаражат бөлінді. Емханалар әйелдерді прегравидальды дайындықпен нәзік жандылардың кемінде 10 пайызын қамтуы тиіс. Осыған байланысты, облысымыздың қыз-келіншектерін емханаға барып, жүктілікті жоспарлау алдында тексеруден өтуге шақырамыз.
Айнагүл ДАВЛЕТЧИНА, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚОФ директоры.