KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)
630-163 («Жас Өркен»)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208
Пациенттерді қолдау қызметі:
625-325, 630-164, +7 (775) 0963064
Аптека: 630-165, +7 (775) 0963065

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Онкологиялық аурулардың жаңа жағдайларының үштен бірінен астамы ерте сатысында анықталды

Бүгін 4 ақпанда бүкіл әлем Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күресу күнін атап өтуде. Бұл күн онкологиялық аурулардың алдын алу, ерте диагностикалау және тиімді емдеудің маңыздылығын еске салады. Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурулардың 40 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі, ал қатерлі ісіктен жылына 12 мыңнан астам адам қайтыс болады.

Обырдың ең көп таралған түрі:

  • Сүт безінің обыры – 5 652 жағдай
  • Тоқ ішек пен тік ішек обыры – 4 029 жағдай
  • Өкпе обыры – 3 833 жағдай
  • Асқазан обыры – 2 907 жағдай
  • Жатыр мойны обыры – 1 921 жағдай

2024 жылдың соңында динамикалық бақылауда 230 мыңнан астам онкологиялық науқастар динамикалық бақылауда болды, 2023 жылмен салыстырғанда 5,9% көп.

Онкоскринингтерді, заманауи диагностикалық технологиялар мен емдеу әдістерін енгізу, сондай-ақ онколог дәрігерлердің біліктілігін арттыру - ауруларды ерте анықтау деңгейінің өсуіне және өлім-жітімді азайтуға ықпал етті.

2024 жылы қабылданған шаралардың арқасында 0-1 кезеңде онкологиялық аурулардың жаңа жағдайын 31,4% диагностикалауға, қатерлі жаңа өскіндерден өлім-жітімділікті 3,2% төмендетуге мүмкін болды.

Қазақстанда онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында тегін ұсынылады. Мемлекет МӘМС жүйесіндегі пациенттің мәртебесіне қарамастан, онкологиялық ауруларды диагностикалауға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және емдеуге арналған барлық шығындарды өтейді.

Министрлік азаматтарды емханаларда үнемі тегін онкологиялық скринингтерден өтуге және онкологиялық ауруға күдік туындаған жағдайда дереу медициналық мекемелерге жүгінуге шақырады.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)
630-163 («Жас Өркен»)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208
Пациенттерді қолдау қызметі:
625-325, 630-164, +7 (775) 0963064
Аптека: 630-165, +7 (775) 0963065

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: