KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)
630-163 («Жас Өркен»)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208
Пациенттерді қолдау қызметі:
625-325, 630-164, +7 (775) 0963064
Аптека: 630-165, +7 (775) 0963065

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Бір аптадағы эпидемиологиялық жағдай: ЖРВИ және пневмония бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі

Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап жылдың осы уақытына тән инфекциялармен сырқаттанушылықтың мониторингі жалғасуда. Жүктеменің сақталуына қарамастан, жағдай тұрақты деңгейде қалып отыр.

Жалпы, 27 қаңтар мен 1 ақпан аралығында шамамен 130 мың жағдай анықталды – бұл бір апта бұрынғы деңгеймен бірдей деңгейде.

Қазан айынан бастап елде ЖРВИ-дің 2,65 млн жағдайы тіркелді, ауырғандардың 66%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл ретте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 20%-ға төмендеді.

Пневмония бойынша оң үрдіс байқалды - өткен аптада 4 189 жағдай анықталды, бұл өткен аптамен салыстырғанда 18%-ға аз.

Өткен аптада қызылшаның 49 жағдайы тіркелді - бұл бұрынғыға қарағанда 23-ке көп. Жыл басынан бері 113 жағдай расталды, ауырғандардың көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар (86%). Таралудың негізгі себебі - егілмеу: ауырғандардың 86%-ы вакцинацияланбаған.

27 қаңтар мен 1 ақпан аралығында көкжөтелдің 14 жағдайы анықталды, бұл алдыңғы 7 күнмен салыстырғанда 3-ке көп. Жыл басынан бері 69 жағдай, оның 67-сі 14 жасқа дейінгі балаларда тіркелді. Инфекциялық аурулардың, соның ішінде көкжөтел профилактикасының негізгі құралы, ең алдымен, вакцинациялау болып табылады.

Соңғы аптада Қазақстанда COVID-19-ның 15 жағдайы тіркелді. Жыл басынан бері барлығы 66 жағдай анықталды, өлім жоқ.

Жағдай тұрақты болып қалуда: инфекциялық төсектер 37%-ға, ал реанимациялық төсектер 3%-ға ғана жүктелген, бұл аурудың ауыр түрлерінің жоқтығын және денсаулық сақтау жүйесіне жоғары жүктеменің жоқтығын көрсетеді.

Маңғыстау облысында 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Жаңаөзен қаласы Қызылсай кентіндегі мектепке дейінгі ұйымның қызметкерлері мен балаларынүың арасында 37 тағамдық токсикоинфекция жағдайы тіркелді. Қазір стационарда 13 адам, 24 адам амбулаториялық ем алуда. Соңғы тәулікте жаңа жағдайлар анықталған жоқ, жағдай тұрақтандырылды. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Бірқатар иныекциялық аурулар бойынша оң динамика байқалады, бұл ретте тұрғындарды қызылшаға және көкжөтелге қарсы иммундау қарқынын күшейту қажет, себебі сырқаттанушылардың көпшілігі егілмеген.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)
630-163 («Жас Өркен»)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208
Пациенттерді қолдау қызметі:
625-325, 630-164, +7 (775) 0963064
Аптека: 630-165, +7 (775) 0963065

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: