Қазақстанда онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне (ТМККК) енгізілген. Барлық онкологиялық пациенттер - Қазақстанның азаматтары МӘМС мәртебесіне қарамастан онкологялық аурулардан тегін емделу құқығына ие.
Онкологиялық пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, диагностикалау және емдеу ақысын мемлекет төлейді. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында (ТМККК) пациент ешқандай төлем жасамайды.
Пациентте онкологиялық және гематологиялық аурулар күдігі анықталған жағдайда МСАК-та (емханаларда) пациенттер 18 жұмыс күні ішінде консультациялар мен зерттеулерден өту мүмкіндігін беретін «Жасыл дәліз» бағыты енгізілді.
Қазіргі уақытта Қазақстан халқы үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі қолжетімді.
- Сүт безі обырына скрининг ( 40жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 2 жылда 1 рет)
- Жатыр мойнының обырына скрининг ( 30жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 4 жылда 1 рет)
- Тоқ ішек пен тік ішек обырына скрининг ( 50жастан 70 жасқа дейінгі ер адамдар мен әйелдер, 2 жылда 1 рет) Онкологтар қазақстандықтарды емханаларда тегін онкологиялық скринингтен өтуге шақырады.
Онкологиялық ауруларға күдік туындаған кезде тез арада тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша өзіңіздің емханаңызға, сонымен қатар тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша онкологиялық орталыққа (онкодиспансерге) жүгінуіңіз керек.