KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)
630-163 («Жас Өркен»)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208
Пациенттерді қолдау қызметі:
625-325, 630-164, +7 (775) 0963064
Аптека: 630-165, +7 (775) 0963065

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Жеке медициналық кітапшалар қазір онлайн режимінде қолжетімді

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке медициналық кітапшалардың (санитариялық кітапшалардың) электрондық форматы енгізілді. Азаматтар енді egov mobile мобилдік қосымшасындағы «E-Densaulyk» сервисі арқылы медициналық тексеру нәтижелері мен өздерінің санитариялық кітапшасы туралы деректерді ала алады, бұл медициналық тексеруден өту уақытын едәуір қысқартады және терапевтке қайта бару қажеттілігін болдырмайды. Санитариялық кітапша дайын болған кезде азаматтар 1414 нөмірінен СМС-хабарлама алады.

Жұмыс берушілер үшін артықшылықтар

Жұмыс берушілер қызметкерлердің медициналық кітапшаларының өзектілігін hr.enbek.kz тегін еңбек ресурстары порталы арқылы тексере алады, бұл санитариялық нормалардың сақталуын бақылауды жеңілдетеді және ықтимал қателіктердің алдын алады.

Медициналық кітапшаны кім алуға міндетті?

Электрондық жүйе қоғамдық тамақтандыру, дәріханалар, санаторийлер қызметкерлерін, сондай-ақ қызмет көрсету қызметкерлері мен медицина қызметкерлерін қоса алғанда, қызметкерлердің 15 санатын қамтиды. Бұл санаттар үшін тұрақты медициналық тексерулер жылына бір рет немесе алты айда бір рет өткізіледі.

Жеке медициналық кітапшаларды электрондық форматқа көшіру арқылы оларды тексеру процесі азаматтар мен жұмыс берушілер үшін оңайырақ және жылдамырақ болды.

Бұрын хабарланғандай, азаматтарға ыңғайлы болу үшін медициналық кітапшалар мен аурухана парақтарын қоса алғанда, медициналық анықтамалардың 8 түрі қағаз тасығыштан электрондық форматқа ауыстырылады.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)
630-163 («Жас Өркен»)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208
Пациенттерді қолдау қызметі:
625-325, 630-164, +7 (775) 0963064
Аптека: 630-165, +7 (775) 0963065

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: