Біздің емханада ерекше оқиға болды - өмірінің 40 жылдан астам уақытын медицинаға арнаға құрметті дәрігеріміз Фирая Гумаровна Имбаеваны зейнеткерлікке шығарып салдық.
Оқуын аяқтап келген талдырмаш жас қыз өзінің мансабын учаскелік терапевт ретінде бастады және еңбек еткен жылдар бойы кәсіпқойлық пен адалдықтың үлгісі болды. Фирая Гумаровна терең теориялық білімі мен тамаша практикалық дағдылары бар білікті маман ретінде танылды. Ол әрқашан жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өз принциптерін сауатты қорғауды және ең қиын жағдайларда сенімді шешім қабылдауды білді.
Еңбек еткен жылдар ішінде адал еңбегі үшін көптеген наградалармен марапатталды:

- 2015 ж. — 8 наурызға орай Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасы
- 2018 ж. — 8 наурызға орай Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасы
- 2019 ж. — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай облыс әкімінің Құрмет грамотасы;
- 2021 ж. — Медицина қызметкерлері күніне орай «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі.