«Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көшбасшысы» облыстық конкурс қорытындысы бойынша №1 қалалық емхана тағы да өзінің жоғары деңгейін дәлелдеді!
Іс-шарада Денсаулық сақтау басқармасының басшысы және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтады. Біздің емхана облыстың медицина ұйымдары арасында екінші орынды иеленгені үшін Дипломмен марапатталды.
Бұл - көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсартып, күн сайын пациенттердің денсаулығына қамқорлық жасайтын емхана ұжымының еңбегі. Өз ұжымымызды мақтан тұтамыз және бастапқы медициналық-санитариялық көмекті дамытуға үлес қосқандардың барлығына алғысымыз шексіз. Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз - біз үшін алға ұмтылыстың басты ынталандырушы күші!