KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Қожаберген жырау атындағы № 6 мектеп оқушыларының ата-аналарымен кездесу: №1 қалалық емхана мамандары АПВ және вакцинация туралы айтты

№1 қалалық емхананың қызметкерлері Қожаберген жырау атындағы № 6 мектеп қабырғасында оқушылардың ата — аналарымен маңызды тақырып - адам папиллома вирусының (АПВ) алдын алу және вакцинациялау тақырыбы бойынша кездесу өткізді. Педиатриялық бөлімшенің меңгерушісі Әбіл Айнұр Нұрдәулетқызы және акушериялық -гинекологиялық бөлімшенің меңгерушісі Тимофеева Марина Валерьевна АПВ, оның денсаулыққа, сондай-ақ онкологиялық ауруларды дамыту мүмкіндігін қоса алғандағы қауіптілігі, алдын алудың сенімді тәсілі ретінде уақытылы вакцинациялаудың маңыздылығы туралы толық айтып берді.

Ата-аналар вакцинаның қауіпсіздігіне, жасына байланысты ұсыныстарға және вирустан қорғаудың тиімділігіне қатысты сұрақтарға жауап алды. Мамандар сонымен қатар вакцинация балалардың болашақ денсаулығына қамқорлық жасау және АПВ таралуына қарсы күресте маңызды қадам екенін атап өтті.

Мұндай кездесулер ата-аналардың хабардарлығын арттыруға және балалардың денсаулығын қорғау мәселесі бойынша өзара сенімді нығайтуға көмектеседі. № 1 қалалық емхана алдын алу жұмысы аясында халықтың сенімі мен білімін арттыру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: