2 желтоқсанда комплаенс-менеджер орта медицина персоналымен кездесуі өткізді. Онда кәсіби қызметте адалдықты, жауапкершілікті және ашықтықты қалыптастырудың негізгі қағидаттары талқыланды. Іс-шараның басты мақсаты - медицина қызметкерлерінің күнделікті тәжірибесінде осы құндылықтарды нығайту болды.
Кездесу барысында келесі тақырыптар қозғалды:
- Медициналық ортадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық принциптері.
- Пациенттердің сенімін қалыптастыруда медицина қызметкерлерінің рөлі.
- Күнделікті тәжірибеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу тәсілдері.
Комплаенс-менеджер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтіп, медицинада сенім мен адалдық ахуалын құру әркімнің іс-әрекетіне байланысты екенін атап өтті.
Мұндай іс-шаралар сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға ғана емес, сонымен қатар адалдық пен құрметке негізделген мәдениетті құра отырып, медицина қызметкерлері арасында кәсіби этиканы нығайтуға ықпал етеді.