Жалпы білім беретін мектептерде орта мектеп оқушыларына АИТВ-инфекциясы тақырыбына арналған дәрістер мен диктанттар өткізілді. Іс-шаралар жасөспірімдердің вирустың таралу жолдары, алдын алу шаралары және салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Жастарды ақпараттандыру - өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастырудың негізгі қадамы.