«№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да 2024 жылғы 22 қарашада өкпе, ұйқыбезі, қуықасты безі обырының алдын алу туралы халықтың хабардарлығын арттыру айлығы аясында емханаға келген әр адам пулманолог, хирург, уролог мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Емханада және учаскелерде онкологиялық аурулардың алдын алу, оның даму қаупі факторлары туралы халықты хабардар етуге бағытталған,мінез-құлық қауіп факторларын ерте диагностикалау, алдын алу, темекі шегуден, алкогольді асыра пайдаланудан бас тарту, дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік принциптерін сақтау, онкологиялық ауруларды ерте анықтау, халықтың онкологиялық сақтану деңгейін арттыру бойынша скрининг бағдарламасына белсенді қатысуға шақыру, профилактикалық тексеруден және скринингтен бас тартудың салдары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған тақырыптық сабақтар, сынып сағаттары, сұрақ –жауап сағаттары, денсаулық мектептерінде іс-шаралар жүзеге асырылды.