KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)
630-163 («Жас Өркен»)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208
Пациенттерді қолдау қызметі:
625-325, 630-164, +7 (775) 0963064
Аптека: 630-165, +7 (775) 0963065

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Сүт безі обырының алдын алу

Дүниежүзілік сүт безі обыры туралы хабардар болу күніне орайластырылған Ұлттық бағдарламаны іске асыру аясында «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да сүт безі обырының алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, мінез-құлық қауіп факторларының алдын алуға, профилактикалық тексерулер мен скринингтен бас тарту салдарына және әйелдердің өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті. Санбюллетендер, санбұрыштар, сұрақ-жауап тақталары ресімделді және орналастырылды.

Емханада және учаскелерде әңгімелер, сұрақтар мен жауаптар кештері, денсаулық мектептерінде сабақтар өткізілді.

Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында «Онкологиялық аурулардың алдын алу», «Сүт безі обырының алдын алу», «СБО қауіп факторлары», «Тиімді тамақтану», «Дене белсенділігі және денсаулық», «СӨС насихаттау» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

Сүт безі обыры туралы хабардар болу айлығы аясында 2024 жылғы 22 қазанда ашық есік күні өтті, оған мамолог, акушер-гинеколог дәрігерлері, терапевт және жалпы практика дәрігерлері, әйелдерді қарап-тексеру кабинеті, СӨС мектебі қызметкерлері қатысты.



Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)
630-163 («Жас Өркен»)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208
Пациенттерді қолдау қызметі:
625-325, 630-164, +7 (775) 0963064
Аптека: 630-165, +7 (775) 0963065

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: