KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Жалдамалы қызметкерлер мен жұмыс берушілер МӘМС төлемдері туралы не білу керек?

1. Жұмыс беруші қызметкерді МӘМС үшін жарналар мен аударымдар туралы хабардар етуі тиіс.

2. Жұмыс берушілер жұмыскер үшін МӘМС төлемдерінің екі түрін жасайды:

  • Аударымдар - оларды жұмыс беруші өз қаражаты есебінен төлейді - 2024 жылы оның мөлшері қызметкер жалақысының 3% құрайды. Аударымдардың максималды мөлшері 10 ЕТЖ-дан 3%-дан аспауы керек (яғни 2024 жылы 25500 теңгеден аспауы тиіс).
  • Жарналар - оларды жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан ұстайды, олар қызметкердің жалақысының 2% құрайды. Мұнда да жоғарғы шек бар, айына 10 еселенген ЕТЖ-дан 2%-ы, одан артық жұмыс беруші төлемеуі тиіс немесе 2024 жылы 17000 теңге.

3. Егер қызметкер МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін 5 жеңілдік санаттың біріне кірсе, онда жұмыс беруші олар үшін аударымдар мен жарналарды төлемейді.
Бұл санаттар:

  • балалар
  • зейнетақы жарналарын алушылар
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар
  • мүгедектер
  • күндізгі бөлімде оқитын студенттер
  • жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға, баланы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы адамдар.

Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: