Дүниежүзілік құтырмаға қарсы күрес күні (28 қыркүйек) аясында емханада медицина қызметкерлеріне арналған семинарлар өтті, санбюллетеньдер, денсаулық бұрыштары, сұрақ-жауап тақталары ресімделді және орналастырылды. Әңгімелер, сұрақ-жауап сағаттары, денсаулық мектептерінде сабақтар өткізілді. Жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаларда құтырманың алдын алу бойынша тақырыптық сабақтар, сынып сағаттары өтті. Емхана залдарында құтырманың алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетіледі. Ақпараттық-білім беру материалы таратылады.