Біздің емхана Қарттар күні қарсаңында емхананың бұрынғы қызметкерлері үшін арнайы іс-шара өткізді. Өз өмірлерін адамдардың денсаулығына қамқорлық жасауға арнаған бұрынғы медицина қызметкерлері медициналық қарап-тексеруге шақырылды. Акция аясында барлық қатысушылар қан қысымын өлшеуді, терапевт дәрігермен, сондай-ақ бейінді мамандармен кеңесуді қамтитын кешенді қарап-тексеруден өтті. Іс-шараның ерекше жағымды сәті олардың көп жылғы еңбегі мен мамандыққа адалдығы үшін алғыс ретінде естелік сыйлықтар табыстау болды. Біз әріптестерімізді мақтан тұтамыз және олардың денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз.