«Халықтың репродуктивті денсаулық мәселелері туралы хабардарлығын арттыру апталығы» Ұлттық бағдарламасын іске асыру аясында 2024 жылғы 24 маусымда «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығына арналған Ашық есік күні өтті. Әрбір тілек білдіруші отбасын жоспарлау, контрацепция, босануға дайындық, салауатты өмір салтын насихаттау және репродуктивті жүйемен байланысты аурулардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес алды.