Щучинск қаласында Гір тасын көтеру спорты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған №1 қалалық емхананың фельдшері Арман Бекпасов қатысып, 95 кг дейінгі салмақта гір көтеруден Бірінші орынды иеленді. Солтүстік Қазақстан облысының командасынан 30 спортшы қатысты . Командалық жарыс қорытындысы бойынша СҚО командасы бірінші жалпыкомандалық орынға ие болды. Бұл Чемпионат қазан айында Грецияда өтетін Дүниежүзілік чемпионатқа қатысу үшін іріктеу чемпионаты болды.