Ағымдағы жылдың 1 маусымында «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да Халықаралық балаларды қорғау күніне (1 маусым) орай Ұлттық бағдарламаны іске асыру аясында мінез-құлық қауіп факторларының алдын алуға, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігін насихаттауға баса назар аудара отырып, бейінді мамандар: лор, хирург, офтальмолог, невропатолог, эндокринолог, БДК кабинеті, аудиологиялық скрининг кабинеті, педиатр дәрігерлердің қатысуымен Ашық есік күні өткізілді. Барлығы 154 балаға кеңес берілді.