Фельдшер Александр Иванов №1 қалалық емхананың кезек күттірмейтін жедел көмек бөлімшесінде жұмыс істейді. Кештердің бірінде Александр көлігінде отырып, айнасынан мас бұзақының бір адамды ұра бастағанын көрді. Бұзақының сорақылығында шек жоқ еді. Ажыратпақ болған Александрға да жұдырығымен тарпа бас салды.
«Мен айнадан бейберекет кетіп бара жатқан адамды ұрып-соғып жатқанын көрдім де, көмектесуге жүгірдім. Жәбірленушіні бұзақының қолынан босатқанымда, ол маған бас салды. Мен оны ұстап, байлап тастадым. Полиция қызметкерлері келгенше, жәбірленушінің есін жиғызып, кейін оны жедел жәрдем бригадасына тапсырдым» - деді Александр Иванов .
Жапа шеккен Вадим Бекмуратов: «Александр Иванов көмек бермегенде, денсаулығына тиер зияннның қандай болары білмеймін»-, деді. Жапа шегуші емхана директорының атына Александр Ивановқа алғысын білдіріп, өтінішін қалдырды.