Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы кадр мәселесін шешуді бақылауда ұстайды. Өңірге жас мамандарды тарту мақсатында еліміздің медициналық оқу орындарының студенттерімен кездесулер ұйымдастырылады. Осындай іс-шаралар аясында басқарма өкілдері, аудандық ауруханалар мен Петропавл қаласының аурухана, емхана директорлары Астана және Қарағанды қалаларының медициналық жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті.
Облысқа жас мамандарды тарту жөніндегі іс-шараға солтүстікқазақстандық 20 делегаты қатысты. Жастарға біздің өңірде көрсетілетін қолдаулар мен мүмкіндіктер туралы егжей-тегжейлі айтылды. Сонымен қатар, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.