«№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК директоры медициналық скринингтен өтті. Емхана директоры Николай Новиков: «Скрининг – ауруды ерте кезеңінде анықтауға және алдын алу шараларының кешенін тағайындауға септігін тигізетінін» атап өтті.
Уақыт өте келе дұрыс тамақтанбау, темекі шегу, қозғалыс белсенділігінің төмендігі қандағы глюкоза мен холестерин деңгейінің артуы, артық салмақ, жоғары қан қысымы сияқты қауіп факторларының пайда болуына әкелуі мүмкін.
Скринингтен өтуге шақырылған болсаңыз, өзіңізбен бірге міндетті түрде жеке куәлігіңіз болуын ескертеміз.
Скрининг кабинеттерінің жұмыс кестесі:
- Мекенжайы: М.Әуезов к, 130, бас корпус – 8:00-15:00;
- Мекенжайы:: Порфирьев к, 55, филиал «Жас Өркен» - 8:00-13:00.