Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиналыс өтті. Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өз үлестерін қосып жүрген белсенді жақтастарға құрмет көрсетілді. Мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін атап өтілді. Олардың арасында №1 қалалық емхананың комплаенс-менеджері Әбілкәрімов Ерлан Жылкелдіұлы атап өтілді.
Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың аса маңызды стратегиялық басымды бағыты.
Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың аса маңызды стратегиялық басымды бағыты.