2023 жылғы 14 қарашада емхана залында Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне орай «Қант диабетінен сақтан» акциясы өтті. Ол азаматтардың қант диабеті проблемасы туралы хабардарлығын арттыруға, диспансерлеуден және профилактикалық медициналық тексеруден уақытылы өту қажеттілігіне, салауатты өмір салты қағидаттарын сақтауға, белсенді өмір салтын ұстанымын таңдауға, қант диабеті ауруының пайда болу қаупін азайту мақсатында зиянды тамақ, алкоголь және темекі өнімдерінен бас тарту, сондай-ақ қант диабетінің алғашқы белгілері және олар пайда болған жағдайда әрекет ету тәртібін білуіне бағытталған. Акция барысында барлық ниет білдірушілер қан құрамындағы глюкоза деңгейін анықтады және қан қысымын өлшеді, кеңес берілді, ақпараттық-білім беру материалы таратылды.