Солтүстік Қазақстан облысына екі күндік жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник бірқатар медициналық объектілерді аралап, халықпен және азаматтық сектормен кездесу өткізді.
Облыстың медициналық ұйымының басшыларымен өткен кеңесте вице-министр медициналық-санитариялық алғашқы қызмет (МСАК) ұйымдарында медициналық қызметтерді қамтуды кеңейту, ауылдық медицинаны дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту сияқты денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыттарын белгіледі.
Ол өз баяндамасында атап өткендей, Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылы халықтың жалпы өлім-жітімі 9%-ға төмендеді, емханалар үшін 8,2 миллиард теңгеге және стационарлар үшін 7,2 миллиард теңгеге дәрілік заттарды сатып ала отырып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсартуға баса назар аударылуда.
Облыста халыққа медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 279 объекті жұмыс істейді. Бұған 3 дербес емхана, 100 дәрігерлік амбулатория, 37 фельдшерлік-акушерлік пункт және 139 медициналық пункт кіреді. Барлығы 433 учаске бар, оның 66 - сы педиатриялық, 57-сі терапиялық және 310-ы ЖПД учаскелері. ЖПД әрбір учаскесіне жүктеме 1566-ны құрайды.
Петропавлдағы облыстық көпбейінді ауруханаға бару барысында проблемалық мәселелер, қаржыландыру және жергілікті денсаулық сақтау саласына қол жеткізу мәселелері талқыланды.
Облыстық перинаталдық орталықта вице-министр Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен және орталық қызметкерлерімен облыстық перинаталдық орталықтың әйелдер реанимациясы, балалар реанимациясы және перзентхана бөлімшесінің негізгі міндеттерін, жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелер үшін жағдай жасау туралы талқылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасын әзірледі.
Затем во Дворце школьников в Петропавловске вице-министр провел встречу с населением региона.