«№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК–да 19 қазанда педиатр дәрігерлер мен мейіргерлерге арналған Даун синдромы бойынша семинар өтті.
Даун синдромы, оның диагнозы, жиі кездесетін себептері мен ұсыныстары туралы педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі Айнұр Әбіл айтып берді.
Бүгінгі күні ұрықтағы Даун синдромын күшті ультрадыбыстық аппараттың көмегімен анықтауға болады. Жүктіліктің 10-12 аптасында Даун синдромын анықтауға болады, ал 12-16 апта аралығында аппараттың көмегімен, сонымен қатар жүкті әйелдің қанын алу және талдау арқылы нақты диагноз қоюға болады.Даун синдромының ең көп тараған себептері: анасының жасы 35 жастан жоғары, әкесінің жасы 45 жастан жоғары, анасының тым жас (18 жасқа дейін) болуы, жақын туыстар арасындағы байланыс.
Даун синдромы бар балалардың ата-аналарына арналған ұсыныстар:
- Баланы жақсы көріңіз, сүйіспеншілік танытыңыз;
- Баланы қоршаған ортамен қарым-қатынастан қорғамаңыз;
- Ата-аналардың бірлігі нәрестеге, оның дамуына және денсаулығына пайдалы әсер етеді;
- Мұндай балалар үшін ең бастысы – сыртқы әлемнің өзіне деген оң көзқарасын сезіну.