2023 жылғы 24 қазанда «Жас өркен» шағын ауданда Петропавл қаласы әкімінің қатысуымен №1 қалалық емхананың жаңа филиалының салтанатты ашылуы өтті.
Емхана бір ауысымда 250 адамды қабылдай алады. Бекітілген халықтың жоспарлы саны шамамен 34 000 адам.
Жаңа ғимаратта шамамен 190 қызметкер жұмыс істейтін болады. Олар: терапевт дәрігерлер, бейінді мамандар, оның ішінде маммолог, стоматолог, оториноларинголог, хирург, невропатолог, офтальмолог, травматолог, сонымен қатар орта медицина қызметкерлері.
Емхана заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Стоматологиялық қондырғы креслоларымен, рентген аппараты, флюорографиялық цифрлық аз дозалы аппарат, маммографиялық стационарлық аппарат, автоматты биохимиялық анализатор, гематологиялық анализатор, Нейрон-спектр-2 электроэнцефалограф және басқа да аппаратура бар. Сонымен қатар, қабылдауға келген пациенттер үшін кезекті күтудің ыңғайлы аймақтары ұйымдастырылған. Пациенттерге, сонымен қатар қозғалысы қиындық туғызатын пациенттерге ыңғайлы болу үшін лифт орнатылған.