KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

«№1 қалалық емханада халықтың медицина қызметкерлеріне қарым-қатынасы талқыланды

Үздік тәжірибелер орталығының жобасы аясында «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да Денсаулық сақтау қоғамдық сенім комитетінің кезекті отырысы өтті. Комитет мүшелері 2 мәселені талқылады:

      1. Халықтың дәрігер мамандығына құрметпен қарауы. Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау.
      2. 2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-ның негізгі көрсеткіштері.

Бірінші сұрақ бойынша емхана директоры Николай Алексеевич Новиков сөз сөйлеп, халық тарапынан медициналық персоналға деген қарым-қатынастың айтарлықтай нашарлағанын мәлімдеді. Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамалық база жұмыс істемейді. Емханада кадр тапшылығы. Комитет мүшесі Мишин А.И. «Дәрігер және пациент» пилоттық қарым-қатынас процесі мәселесі бойынша ҚР Мәжілісінің депутаттарымен кездесу ұйымдастыруды ұсынды. Бұрын халықтың полиция қызметкерлеріне осындай көзқарасы болған.

Пациент пен медицина қызметкерінің көзқарасы екі жақты болуы керек. Дәрігер мәртебесін көтеру процесін бастау керек, - деді қалалық мәслихат депутаты Зәкіржан Мамлютов.

Екінші мәселеге қатысты «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК директоры Н.А. Новиков сөз сөйледі: Емхананың 2023 жылдың 8 айындағы қызметі. «Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті» РММ деректері бойынша 2023 жылғы 01 қазанда халық саны 225 532 адамды құрайды. Оның ішінде 66 969 адам «№1 қалалық емхана"ШЖҚ КМК-ға тіркелген. Бұдан әрі 2021, 2022 жылдармен салыстырғанда емхана бойынша халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің динамикасымен таныстырылым көрсетілді.

№1 қалалық емхананың жұмысын жетілдіру бойынша жұмыс отырыс барысында айтылған ұсыныстар мен ұсынымдар негізінде жалғастырылатын болады.



Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: