Дүниежүзілік сүт безі обыры туралы хабардар болу күніне орайластырылған Ұлттық бағдарламаны іске асыру аясында «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да сүт безі обырының алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, мінез-құлық қауіп факторларының алдын алуға, профилактикалық тексерулер мен скринингтен бас тарту салдарына және әйелдердің өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті.
Санбюллетендер, санбұрыштар, сұрақ-жауап тақталары ресімделді және орналастырылды.
Санбюллетендер, санитариялық бұрыштар, сұрақ-жауап тақталары ресімделді және орналастырылды.
Емханада және учаскелерде әңгімелер, сұрақтар мен жауаптар кештері, денсаулық мектептерінде сабақтар өткізілді.
Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында «Онкологиялық аурулардың алдын алу», «Сүт безі обырының алдын алу», «СБО қауіп факторлары», «Тиімді тамақтану», «Дене белсенділігі және денсаулық», «СӨС насихаттау» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
Сүт безі обыры туралы хабардар болу айлығы аясында 2023 жылғы 7 қазанда ашық есік күні өтті, оған мамолог, акушер-гинеколог дәрігерлері, терапевт және жалпы практика дәрігерлері, әйелдерді қарап-тексеру кабинеті, СӨС мектебі қызметкерлері қатысты.