Қазақстанда 1 қазаннан бастап жүкті әйелдер және барлық ересек тұрғындар үшін тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Төменде біз болашақ аналарды қызықтыратын вакцинация туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар береміз.
ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛУҒА БОЛА МА?
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жүкті әйелдерді тұмауға қарсы вакцинациялау бағдарламасын жүзеге асыруда.
Тұмау- инфекциялық ауру, ағзаның штаммына және иммундық реакциясына байланысты ол оңай өтуі мүмкін немесе ауыр асқынулар мен салдарға әкелуі мүмкін.
ECDC (Еуропалық Ауруларды бақылау және профилактикалық орталығы) нұсқауларында: “Тұмауға қарсы вакцинация күтілетін нәтижеден аз тиімді болған жағдайда да, осы инфекцияның ауыр және аақынған ағымының профилактикасының негізгі стратегиясы болып табылады".
Жүкті әйелдерді тұмауға қарсы вакцинациялау Еуропа мен Американың көптеген елдерінде 20 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді, ал иммунологиялық тиімділігі 70-85 % -ға жетеді.
Жүкті әйелдерді тұмауға қарсы вакцинациялау кезінде, ең алдымен, әйел науқас адаммен эпидемиялық байланыста болған жағдайда инфекцияны жою немесе шектеу мақсаты қойылады.
Жүктілік-организмнің қорғаныш күші табиғи түрде төмендейтін физиологиялық жағдай, ананың иммунитеті төмендейді, бұл әртүрлі инфекциялық агенттерге қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне әкеледі және тұмау вирусын да жоққа шығаруға болмайды.
Жүкті әйелдер респираторлық инфекциялардың қолайсыз ағымы үшін жоғары қауіп тобын құрайды, олардың арасында тұмау көшбасшы ауру болып табылады, көбінесе жүкті әйелдің өзі және оның іштегі баласы үшін қайғылы жағдайымен аяқталуы мүмкін.
Жүкті әйелдерде тұмаудың асқынуы жиі кездеседі: вирустық, бактериялық пневмония және аралас этиологияның өкпе қабынуы, синусит, бронхит, отит, пиелонефрит және т. б.
Жүкті әйелдерде жиі кездесетін аурудың ауыр ағымында жүрек-қан тамырлары жүйесінің асқынулардыңмдамуы мүмкін. Сондай-ақ, тұмаудык салдарынан эндокриндік жүйенің (қант диабеті), несеп жүйесінің (нефрит, цистит) аурулары жиі күшейеді, бронх демікпесінің эпизодтары байқалады.