Бұл күндері Қырғызстанда ТМД елдері педиатрларының «Бала және қоғам: денсаулық, даму және тамақтану» X мерейтойлық конгресі және Орталық Азия балалар хирургтарының II съезі өтті, онда қазақстандық дәрігерлер балалар қызметін дамытудағы оң тәжірибелерімен бөлісті және кәсіби жетістіктері үшін марапаттарға ие болды.
Іс-шараға Қытай, Өзбекстан, Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Украина және т.б. елдердің педиатрлары мен балалар хирургтары, сондай-ақ ғылыми қызметкерлер, университет оқытушылары, әр елдің педиатриялық қауымдастығының, педиатриялық қоғамның, Орталық Азия балалар хирургтары қауымдастығының, ТМД елдерінің педиатрлар Федерациясының өкілдері қатысты.
Қазақстанды ЖОО, ғылыми орталықтар мамандары мен өңірлік дәрігерлерден (Тараз, Шымкент және Қарағанды қ.), 40-қа жуық педиатрлар мен балалар хирургтарынан құралған делегация ұсынды.
Конгреске қатысушылар бүгінгі таңда ТМД елдеріндегі балалар хирургиясы, клиникалық фармакология, педиатрия және неонатологияның өзекті мәселелерін, сондай-ақ кәсіптің болашақ дамуы, жаңа міндеттер жағдайында балалардың денсаулығын сақтау, Орталық Азиядағы балалар хирургиясының қызметін реформалау туралы талқылады.
Конгресс барысында қазақстандық делегация еліміздің балалар қызметін дамытудағы, педиатриялық бейіндегі дәрігерлерді даярлаудағы тәжірибесі мен жетістіктерін, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынды.
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті , Министрліктің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының, Қазақстан-Ресей медицина университетінің, UMC, сондай-ақ практикалық денсаулық сақтау саласы делегацияларының мүшелері ТМД елдерінің педиатрлар Федерациясының медальдарымен педиатриялық қызметті дамытуға қосқан үлесі және балалардың денсаулығын сақтау ісіндегі жоғары кәсібилігі үшін марапатталды.