KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Т. Сұлтанғазиев: қазақстандықтар өз емханаларына 3,2 есе көп жүгіне бастады

Бүгін ОКҚ алаңындағы сараптамалық брифингке қатысушылар денсаулық сақтаудың негізгі индикаторларына қол жеткізу мысалында медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары және МӘМС енгізу нәтижелері туралы айтып берді.

«МӘМС жұмысының төрт жылынан кейін денсаулық сақтаудың бүкіл жүйесінің әлеуетінің өсуі туралы ғана емес, сондай-ақ медициналық қызметтер нарығының бұрынғы моделінің өзгеруі туралы да айтуға болады. Қысқа уақыттың ішінде тізімде медициналық көмектің жаңа түрлері пайда болды, медицина неғұрлым технологиялық, жабдықталған, клиникалар арасындағы бәсекелестік қарқын алуда. Адамдар өз емханаларына көбірек жүгіне бастады, тексеруден өтіп, дәрігерлерден кеңес ала бастады, МӘМС-тің артықшылықтары біртіндеп байқала бастады. Өткен жылы адамдар өз емханасында 2019 жылмен салыстырғанда 3, 2 есе көп қызмет алды», - деп атап өтті Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Ол МӘМС шекаралары жыл сайын ақшалай түрде де, көрсетілетін медициналық қызметтер көлемінде де кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

«Мәселен, осы кезеңде денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 1,2 трлн. теңгеден 2,5 трлн. теңгеге дейін ұлғайды. МӘМС арқасында еліміздің бір тұрғынының денсаулығын сақтауға жұмсалатын орташа шығыстар екі есе - 56 мың теңгеден 122 мың теңгеге дейін өсті. МӘМС бағдарламасы бойынша реформаның басында 1300 медициналық ұйымнан жұмыс істейтін медициналық қызмет көрсетушілердің саны қазір 2000-ға жетті, олардың ішінде жеке клиникалар екі есе көп»,-деп жалғастырды бірінші вице-министр.

МӘМС-тің қолданылу кезеңінде КДҚ-ның қолжетімділігі 7 есеге артты: дәрігерлік қабылдаулар, зертханалық талдаулар және аспаптық диагностика. 2019 жылы 200 мыңға жуық КТ және МРТ зерттеп-қарау жүргізілді, ал өткен жылы мұндай қызметтердің 1,5 миллионға жуығы, яғни 7 есе көп.

МӘМС-тің қаражатына экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКҰ) рәсіміне квоталарды ұлғайтуға мүмкіндік туды, нәтижесінде «бедеулік» диагнозына тап болған 8 000 отбасылық жұп 5 000 сәбидің ата-анасы болды.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: