№1 қалалық емханада Үздік тәжірибе орталығының жобасы аясында медициналық мекеме жанындағы денсаулық сақтау саласына қоғамдық сенім комитетінің бірінші отырысы болып өтті.
Аталған Комитеттің миссиясы - халықтың қажеттіліктерін бағалау және медициналық ұйымдардың қызметіндегі әлсіз жақтарын анықтау арқылы азаматтардың денсаулық сақтау саласына деген оң көзқарасын қалыптастыру және сенімін арттыру болып табылады.
Комитет құрамына коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ берілген өтініш негізінде кез келген жанашыр азамат кіруге мүмкіндік алды. Осылайша, комитет мүшелері 9 адам, оның ішінде медицина қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, депутаттар мен журналистер болды.
Комитеттің бірінші отырысында қатысушыларға қызметті жүзеге асырудың ережелері мен тәртібі түсіндірілді, оның барысында қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және Комитеттің одан әрі жұмысы жөніндегі жоспарларды белгіледі.