Ұлы Жеңіс Күні қарсаңында «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК дәрігерлерінің тобы Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барды. Невропатолог, Лор, хирург, стоматолог және офтальмолог мамандардың сараптамасы мен консультациясы жүргізілді. Сондай-ақ, тиісті емшаралар жүргізіліп, денсаулықты жақсарту бойынша ұсыныстар жазылды.
Ардагерлерге қамқорлық жасау біздің басты міндеттеріміздің бірі екенін жақсы түсінеміз. Ардагерлерге лайықты медициналық көмек пен күтім көрсетуді жалғастырамыз. Отанымызды қорғауға үлкен үлес қосқан қадірлі ардагерлердің еңбегін бағалаймыз және құрмет тұтамыз.