KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

«Баршаға денсаулық. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінде жетпіс бес жыл» акциясы өтті

2023 жылғы 07 сәуірде «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК базасында «7 сәуір -Дүниежүзілік денсаулық күніне» орайластырылған «Баршаға денсаулық. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінде жетпіс бес жыл» акциясы өтті.

Акция барысында әрбір адам қан қысымын өлшей алды, глюкоза мен холестерин деңгейін анықтап, ҚД, АГ, ҚМАЖБ-ның алғашқы белгілері, темекі шегудің және алкогольді шамадан тыс тұтынудың алдын алу, дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік бойынша кеңес алды.

Халықтың барлық нысаналы топтарының салауатты өмір салты қағидаттарын сақтау туралы хабардарлығын арттыру мәселелеріне арналған санбюллеттер, санбұрыштар, сұрақ-жауап тақталары ресімделді және орналастырылды.

Жалпы білім беретін мектептерде сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, спорттық іс-шаралар, сурет байқаулары, «Тиімді тамақтану», «Дене белсенділігі және денсаулық», «СӨС насихаттау»тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.

СӨС мектебінің және профилактика бөлімінің мамандары акцияға қатысушыларды салауатты өмір салтына шақыра отырып, ақпараттық-білім беру материалдарын таратты.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: