KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

«№ 1 қалалық емханада «Патронаж қызметінің әмбебап прогрессивті моделі» оқыту семинары өтті

«Инновациялық даму корпорациясы» оқу орталығы амбулаториялық-емханалық медицина қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыру мақсатында 2023 жылғы 3.04 - 7.04. аралығында «Жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларды патронаждаудың әмбебап прогрессивті моделі» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Тренингке жалпы практика дәрігерлері, терапевтер, мейіргерлер, фельдшерлер қатысты.

Семинар-тренинг әртүрлі және қызықты форматта өтті: ситуациялық міндеттер шешілді, бала мен отбасының экокарталары, отбасын қолдаудың жеке жоспарлары жасалды.

ПҚӘПМ-ның негізгі мақсаты-ата-аналар мен жақын ортаның әл-ауқатымен тығыз байланыста ерте жастағы балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау және нығайту. Бұл модельдегі жетекші рөл патронаттық мейіргерге тиесілі. Ол - көрсететін қызметтер мен баланың қажеттіліктері арасындағы байланыстырушы звено болып табылатын, отбасының басты сенімді адамы. Патронаж мейіргері оқшауланбайды, ол дәрігермен, әлеуметтік қызметкермен, психологпен және басқа мамандармен бірге өзара әрекеттесе жұмыс істейді.

Патронаждың бұл жаңа моделін ДДҰ мен ЮНИСЕФ бастапқы медициналық-санитарлық көмектің (БМСК) сапасына қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін медициналық-әлеуметтік бағдарлау моделі ретінде ұсынады.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: