Аутизммен ауыратын адамдардың проблемаларына назар аудару мақсатында 2023.31.03. бастап 2023.03.04. аралығында БПДО бөлімшесінің мамандары "№1 қалалық емхана " ШЖҚ КМК-да келесі іс-шараларды өткізді:
- Аутизмі бар балаларды қолдау акциясы;
- «Аутизм спектрі бұзылған балалардың ерекшеліктері және оларды емдеу, олардың қиындықтары мен мүмкіндіктері» тақырыбында емхана мамандарына арналған дәріс;
- «2 сәуір - Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні», «Аутизм: ең жақсы ем – Сіздің мейірімділігіңіз» ақпараттық стендінде аутизммен ауыратын балаларды тәрбиелеу проблемалары туралы ата-аналарға арналған жадынамалар мен буклеттер орналастырылды;
- Өзімізбен қатар өмір сүретін «ерекше» адамдарды жақсырақ түсіну және олармен ортақ тіл табысуға көмектесу мақсатында «Аутизм туралы ата-аналар мен айналасындағылар нені білуі керек» тақырыбында келушілерге арналған шағын ақпарат беру шарасы жүргізілді.