KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Алдын алу - бұл екі қадам алда болу!

«№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-ның педиатриялық бөлімшесі 12 мыңдай балаға қызмет көрсетеді. Педиатриялық көмекті 9 аумақтық педиатриялық участок көрсетеді. Сонымен қатар мамандандырылған көмек бөлімшесі, әлеуметтік-психологиялық көмек, күндізгі стационар және клиникалық-диагностикалық зертхана жұмыс істейді.

Бүгінгі күні педиатриялық бөлімшенің меңгерушісі болу деген - жоғары білікті маман болу, әріптестері үшін жауап беру, оның ішінде олардың кәсіптік дамуы мен кәсіби білімін шыңдауына жауап беру.

Күн сайын таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін Әбіл Айнұр педиатриялық бөлімшенің жұмысын ұйымдастыруға, педиатр дәрігерлер мен мейіргерлер көрсететін көмектің сапасына жауап береді.

Айнұр Әбіл әлеуметтік желіде блог жүргізеді, пайдалы ақпаратпен және қандай да бір аурулар туралы, олардың алдын алу бойынша маңызды ақпаратпен таныстырады. Сонымен қатар WhatsApp тобы бар, ол жерде бүлдіршін пациенттердің аналарымен байланысқа шығып, кеңес береді. Дәрігердің қолдауы әрқашан да маңызды екенін барлығымыз білеміз.

Айнұр Әбіл: «Менің міндетім –балаларды емдеу ғана емес, сонымен қатар ата- анаға дені сау ұрпақ өсіріп-өндіруде көмек көрсету. Оларды екі қадамға алда болуға үйрету», -деп атап өтті.

Педиатриялық бөлімшенің меңгерушісі үнемі біліктілігін арттырады және білімін шыңдайды. Заманауи медициналық жаңа үрдістерді үнемі зерделеп, бөлімшенің жұмысында пайдаланады. СҚО Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан алған Алғысы бар.

Бүгінгі күні педиатриялық бөлімше маңызды орында, балаларға сапалы медициналық көмек көрсету өзекті, сондықтан өскелең ұрпақтың денсаулығы үшін оның жұмысының мәні зор.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: