2023 жылғы 1 наурызда «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да жатыр мойны және колоректальды қатерлі ісік, оның даму қаупі факторлары, ерте диагностикалау және алдын алу мүмкіндіктері, тоқ ішектің онкологиялық ауруларын ерте анықтау бойынша скрининг бағдарламасына белсенді қатысуға тарту, оның даму қаупі факторлары, тоқ ішектің қатерлі ісігі туралы халықтың хабардарлығын арттыру, ерте диагностикалау және алдын алудың мүмкіндіктері, профилактикалық тексерулер мен скринингтен бас тартудың салдары туралы халықтың онкологиялық сақтану деңгейін арттыру бойынша Ашық есік күні өтті . Барлық ниет білдірушілер хирург, гинеколог, әйелдер мен ер адамдарды қарап тексеру кабинеттерінен кеңес алды, скрининг кабинетіне, СӨС мектебіне, сондай-ақ терапевтер мен жалпы практика дәрігерлеріне барып, кеңес алды.