2015.06.05. Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70-жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұрынғы қызметкерлер Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлері осы шараға шақырылды. Бірақ денсаулықтарына байланысты аз адам келді: Адамова А.Т., Барышева Е.И., Зуева Р.П., Ермакова А.Ф., Милушева Р.В., Бектасова С.З., Курченкова Н.И., Федоренко Н.Н., Хисматуллина Х.К.
Бас дәрігер Светлана Тимофеевна Кашенцева салтанатты түрде Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған медалді тапсырды, оларға мықты денсаулық, отбасыларына амандық және ашық аспан тіледі. Тыл еңбеккерлеріне емхана қызметкерлерінің сенбілікте еңбекпен тапқан ақша қаражаты сыйға тартылды.
Салтанатты шараның соңында мерекелік үстел жасалды, үстел басында олардың басынан кешкен сынақтар үшін алғыс сөздер айтылды.