KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмекті жетілдірудің тұжырымдамасы.

2015.18.03. «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК «Қазақстан стратегиясы -2050» және «Нұрлы жол» Жолдауларында, «Денсаулық-2020» стратегисында айтылған Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасын орындау үшін жасалған алғашқы медициналық-әлеуметтік көмекті жетілдіру тұжырымдамасын талқылады. Тұжырымдаманы қабылдау қажеттілігі:

1. алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) қызметін нығайтуға;

2. халықтың көрсетілген медициналық көмек сапасына риза болуына;

3. АМСК басқарудың тиімді әдістерін енгізуге байланысты туындады.

Тұжырымдама әлемнің дамыған елдерінің үздік тәжірибелеріне негізделген. Онда негізгі өзекті мәселелер қарастырылған: ұйымдастырушылық, кадрлық, қаржылық, медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ақпараттық технология мен өз денсаулығы үшін азаматтардың ортақ жауапкершілігін енгізу. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты жынысы мен жасына байланысты кез-келген адамның өз отбасылық дәрігеріне түрлі мәселелермен өтініш білдіруге мүмкіндігі болу үшін әлемдік стандарт деңгейіне дейін АМСК жүйесін жетілдіру жолымен медициналық қызметтердің сапасын, қол жетімділігін жоғарлатуға бағытталған шараларды орындау және әмбебап әлеуметтік-хабардар АМСК қалыптастыру болып табылады. Ұжымда АМСК жетілдіру тұжырымдамасы талқыланды және келесі ұсыныстар енгізілді:

  1. Маңызды кадрлық мәселе жалпы практика дәрігерлерінің біліктілігі деңгейінің төмендігі болып табылады. Сондықтан интернатурадан өту кезінде жалпы практика дәрігерлерін дайындау мәселесіне көп көңіл бөлу қажет деп есептейміз, себебі бұл мамандар ерекше білім мен дағдыларға ие болуы керек.
  2. Секторлар арасын біріктіру аясында жыныстық қатынаста тұратын қыздар-жасөспірімдер туралы ІІБ ақпарат беру мәселесін қайта қарастыру қажет деп санаймыз. Себебі, олар отбасылық дәрігерге сенім артудан қалады және бұл дәрігерлік құпияны сақтауға күмән келтіреді.
  3. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсарту мақсатында және оқушыларды толық диспансерлік бақылау үшін мектептің медициналық қызметкрелерін ҚР ДС және ӘДМ мекемесіне ауыстыру қажет деп есептейміз..
  4. Ересек тұрғындардың денсаулығын жақсарту мақсатында оқытушылар мен медицина қызметкерлерін әйелдерді қарау кабинеті, терапевт пен дерматовенеролог мамандардан медициналық тексеруден өткізу үшін ҚР ДСМ Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №166 қаулысына қосымша енгізу керек.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: